Center Image
IHSAN.KZ
Су түбіндегі сыр
Су түбіндегі сыр
Су түбіндегі сырСанкт-Петербург қаласы, Петропавл қорғаны жанындағы Нева айдынында сүңгуірлер жиылып, сенбілік жасады. Кронвер арығында жылдап жатқан қалың лайдың астынан қоқысты тазаламақ болды. Мұндай ауқымды акцияға қызыққан тілшілер алғашқы табылған заттарды камераға түсірмек болған. Камераның объективіне бірінші болып қасиетті Құранның аяты түсіпті. Өзеннен табылған А4 форматтағы қағаз бетінен Қасиетті Қағба, мешіттердің суреттері және араб тіліндегі жазбаларды тамашаладық. Кейін «Ясин» және «Аятуль-Курсий» сүрелерінің аяты жазылғаны белгілі болды. Қатысқан адамдардың көбісі бұл жайтқа таңдайларын қағып таңқалды деп айта алмаймын. Мұны түсінсе тек қана мұсылман ғана түсінер. Себебі, қасиетті Құраннан алынған жазулардың тіпті бір әріпі де сумен шайылмаған. Су түбінде парақтың қанша жатқаны белгісіз, бірақ мешіттің суреті де анық, арабша түсінген адамға жазуды оқып шығу да еш қиындық тудырмасы ақиқат. Ешқандай дәлелді қажет етпейтін дәйек. Бұл жайт Алла Тағалаға деген сенімнің шыңдала түсуіне септігін тигізер деген үміттемін. Алланың хақ жолынан таймайық. Әмин.

Тотия Енсебаева


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz