Center Image
IHSAN.KZ
Отанды сүю - иманнан

Жыл бойына жүргізіліп келе жатқан насихат жұмыстары Қарағанды қалалық №1-мешітінде жалғасты. Қасиетті жұма күні облыстық мешіттің наиб имамы Қосмағанбетов Бекболат мешіт жамағатына «Дін және Отан» тақырыбында уағыз айтты. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің қадірін білу, еліміздің еңсесін тіктеп кемел келешегінің баянды болуына атсалысу, жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту турасында насихат жүргізді. Өткінші өмірдің сан қырлы сынақтарынан сүрінбей, сабыр мен парасат иесі болуға шақырды. Отанды сүю –иманнан деген қағиданы кеңінен ашып түсіндіріп, жұма намазын өткізді. Осылайша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының жыл бойына жүргізген жан-жақты жұмыстарының нәтижесінде облыстық, қалалық мешіттердің имамдары өңірдегі мешіттерді кезегімен аралап, жамағаттарымен жүздесіп, насихат жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.

[gallery link="file" columns="2"]

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz