Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ұсынылған «Дін мен дәстүр» атты 1-ші кітабын қолға алып оқып шыққанымда, «мынау бір үлкен қазына ғой» деп ойладым.
Мен 42 жыл ұстаздық еттім. Білім бере жүріп, жастарымыздың тәрбиесіне де қатты көңіл бөлдім, өйткені қай заманда болмасын халықтың алдында тұрған басты міндеттердің бірі – есті, еңбексүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу. Әр халық өзінің ұрпағы ақылды, адал, үлкенді құрметтейтін, ар-ожданы мол болып өссін дейді. Осы орайда дініміз бен әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз мықты тірегіміз емес пе?
Осы тұрғыдан алғанда кітапта дін мен дәстүрдің сабақтастығы дәлел-дәйектермен керемет көрсетілген. Құдайға шүкір, кеше ғана Тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекеті бүгін 22 жасқа толып отыр. Осы жылдар арасында қазақ елі дәуірде болатын тарихи істерді жасады. Қазақ елінің шынайы мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрімен санаса қайта жаңғырды. Мешіттер көбейіп, мұсылмандар Алла үйіне ағыла бастады. Жастарымыз дінге бет бұрды. бұл өте қуанарлық жағдай. Осы үрдісті дұрыс жолмен дамыту үшін ұлттың діні мен ділі мықты болу үшін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің озық тәжірибелерін пайдаланған жөн, өйткені кітапта көрсетілгендей, өмірдің өзі дәлелдегендей дін мен салт-дәстүріміз бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Шариғаттың қай саласын алсаң да дініміз қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен ұштасып жатады. Ендеше дін мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр адамның дұрыс мінез қалыптастыруына тигізер игі ықпалы зор. Мен қазақ халқының ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі дінге еш қайшы келмейтінін түсіндім. Атап айтсам, 7 атадан қыз алыспау, әмеңгерлік жолы, құдалық жол-жоралары, аруақты құрметтеу, той-томалақ пен қазада бас қосу – ислам қағимдаларына тән. Бұлардың бәрі адами қасиеттерді көркейтіп байытпаса, кемсітпейді.
Елімізде рухани жүдеушілік болып жатқан кезде түрлі миссионерлер, теріс ағымдағы діндарлар келіп, шарғатқа сай келмейтін үкімдерін шариғат үкімі деп тықпалайды. Солақай саясаттарымен халық арасынаіріткі салғысы келеді, ең масқарасы жастардың рухын улауда. Мысалы, «Беташар» салты күнә, ол «Аллаға серік қосу» дейді. Беташар – келін болып түскеннен кейін әйел адам қандай болуы керек, ананың бал тәрбиесіндегі рөлі, келін түскен жеріндегі орны, келінге қандай жауапкершілік жүктелетіні туралы нақыл сөздер ғой. Бұл дәстүрдің тәрбиелік мәні өте зор. Кейде шелпекке құран оқылмайды дегенді естіп қаламыз. Бұл әрине, дініміз бен салт-дәстүрімізге қайшы. Неге? Өйткені ата-бабаларымыз небір зұлмат, нәубет, қырғын, ашаршылық зардаптарын басынан өткізді.Заманында бір үзім нанға зар болған. Сондықтан, нанды қастерлеп, қасиетті дәм деп таныған. Аяқпен басқызбай, лас жерге тастамай, тіпті асып бара жатса, құстарға беріп, өліге 7 не 9 шелпек пісіріп, аруақтарға дұға бағыштаған. Алла Тағала: «Ғұрыппен әмір ет» деп бұйырған, сондықтан дін мен дәстүр бір-біріне сәйкес екендігін кітапта дәлелденіп отыр. Бұл еңбектің негізгімақсаты имандық ұстанымнан алынған сананы жаңсақ жорамалдардан қорғау. Олар тіпті жастарымызға үйлену тойын тойлау міндет емес, керісінше сол ақшаға Еуропаға барып қыдыру деген ой таратады. Үйлену, не қыз ұзату тойы ата-ананың ақ батасымен шаңырақ көтеру, ата салтын дәріптеу. Ал, куәсіз, ешбір дәлелсіз болған неке дін заңдылықтарына жатпайды. Мұндай жағдайда дін мен салт-дәстүрін менсінбеу деп білеміз.
Теріс ағым өкілдерінің құран оқуға, намаздан кейін жамиғатпен тәспі тартуға, дұғадан кейін бет сипауға, қазақтың салт-дәстүріндегі шариғатқа қайшы келмейтін марқұмның жетісін, қырқын, жылын беруге мүлдем қарсы. Өкінішке орай, бұл ағым өкілдері Ислам дінін әспеттеудің орнына қатыгездік пен дөрекілік арқылы дінімізге залалын тигізуде.
Пайғамбарымыз адамдарды біріктіру, татуластыру, ынтымақтастыру жолында қаншама тер төкті. Президентіміздің күн сайын біздің құлағымызға құйып келе жатқан ақылы: «Ел ішінде бірлік, татулық болсын» деуі. Бірліксіз ешнәрсе туындамайды. Шынында да 5 саусақ бірікпесе, жерден бір тал шөп те жұла алмайсың.
Ендеше бас мүфтидің «Алланың әмірімен келген амалдары, ата-бабаларымыздан келе жатқан озық салт-дәстүрлеріміз бен дініміз қатар жүрсе, еліміз бай, қуатты болады» деген пікірін қолдаймыз. Қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы – халықтың айнасы, ал олардың әлсіреуіне жол бермеу – әр мұсылманның парызы. Барымызды қадірлеп, Алланың әмірін орындауға тиіспіз. Дінге де, салт-дәстүрімізге де қайшы келмейтін істер жасасақ, ата-бабаларымыздың ізгі дәстүрлерін жалғастырсақ, ұрпағымыз бір-бірімен дос, жаратушының заңдарына қарсы шықпайтын, дінін, ділін сыйлайтын, адал еңбек ететін адам болып қалыптасатыны сөзсіз.
Осы кітаптың мән-мағынасын талдай келе Саран қаласы мешітінің алқа мүшелері және зиялы қауым қатары Қазақстан Республикасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» атты еңбегі еліміздің өркендеуіне, адами қасиеттердің қалыптасуына, адасқандардың жолын тоқтатуға бірден-бір ықпал ете алады деген оң пікір білдірді. Бұл мақаланы жазған Қарағанды облысы Саран қаласының Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің зейнеткер ұстазы Жүсіпбекова Гүлжан Жүсіпбекқызы және отағасы Сайлаубай Шамшенұлы – Саран шахтасында 30 жыл еңбек еткен ардагер, бүгінде зейнеткер, Саран мешітінің алқа мүшесі, 2013 жылы қасиетті Мекке-Мадинаға барып,қажылық амалдарын орындап қайтқан. Сіздің кітабыңыздың пайдасы зор болсын деп, ақ батасын жолдайды:
Алла сізді қолдасын,
Адал болсаң судай бол,
Су кірді кетіреді,
Мықты болсаң жердей бол,
Жер жаһанды көтереді.
Судай таза бол,
Жердей берік бол,
Өмірің ұзақ болсын,
Сөзіңіз халыққа қуат болсын!
Әмин! Аллаһу әкбар!
Сайлаубай қажы Шамшенұлы, зейнеткер,
Жүсіпбекова Гүлжан Жүсіпбекқызы, оқытушы, зейнеткер
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы