Center Image
IHSAN.KZ
Қатердің алдын алу – қажеттілік
Қатердің алдын алу – қажеттілік

Қатердің алдын алу – қажеттілікЖаһандану процесі әлемге кең құлаш жая түскен сайын, елді елеңдететін жәйттердің де арта түсіп отырғаны жасырын емес. Солардың ең бастыларының бірі терроризм мен экстремизм болуда. Қай халықтың болса да елдігіне қауіп төндіріп, бейбіт күн, берекелі тірлігін бүлдіретін бұл қатердің алдын алмаса болмайтыны белгілі. Әлемнің кейбір елдеріндегі жағдай осыны көрсетуде. Сондықтан Елбасының өзі бас болып, мұндай қатердің алдын алуға, бірлігімізді нығайта түсуге айрықша көңіл бөлінуде.

Жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында он төртінші қараша күні Саран техникалық колледжінде семинар өтті. Оған «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Төртбаева, Саран қалалық мешітінің бас имамы М. Саликов, Қарағанды және Шахтинск Епархиясы «Приход храма Святителя Николая» шіркеуінің діндары А.Угольков, Саран техникалық колледжінің директоры Н.Қоянбаев, қалалық жастар бастамашылдығы орталығы басшысының міндетін атқарушы А. Рахымжанов және аталған колледждің оқытушылар мен студенттері қатысты. Колледж директоры Н. Қоянбаев жиналған студенттерді семинардың барысымен таныстырып өтті.

Семинар барысында «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Төртбаева терроризм дегеніміз не, дүниежүзіндегі экстремистік лаңкестер, олардың әрекеттері жайлы әңгімелесе, Саран мешітінің бас имамы дін және ислам, терроризм мен экстремизм тудыратын қауіп-қатерлер, олардың мүдделері мен әрекеттері, қыздар арасында хиджаб кию жайлы кеңінен баяндады. Қарағанды және Шахтинск Епархиясы «Приход храма Святителя Николая» шіркеуінің діндары А.Угольков терроризм қайдан келеді, оның ел бірлігіне тигізіп отырған қатері жайлы жан-жақты мағлұмат берсе, Жастардың бастамашыл орталығы директорының міндетін атқарушы А. Рахымжанов экстремизм мен адам арасындағы қатыгездік туралы баяндап, жастарды қауіпті кеселден аулақ болуға шақырды. Жиын соңында ислам және оның құндылықтары, уахабизм және терроризмнің әсері жөнінде түсірілген «Путь к истине» фильмі көрсетілді.

Нұрбану БАЙМУХАМБЕТОВА, Саран қаласы

(«Саран газеті» 15 қараша 2013 жыл)


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz