Бүгінгі таңда діни экстремизм бүкіл адамзат қауымының басты мәселесіне айналып отыр. Бұл жат ағымның жетегінде кетушілердің басым көпшілігі - жастар. Ал жастарымыз ел болашағы саналатындықтан олардың тағдырына бей-жай қарау мүмкін емес.
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өтті. Оған Саран қалалық мешітінің наиб имамы Р. Байзақов, Саран мешіті ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қ. Есепхан, «Жас отау» этномәдени - қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Н. Кернебаева, Саран қалалық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмаған жастармен жұмыс жөніндегі инспекторы Б. Момытов, Саран қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р. Қаржасбаев, жастар бастамашылдығы орталығы басшысының міндетін атқарушы Ә. Рахымжанов қатысты.
Саран қалалық мешітінің наиб имамы ислам жөнінде жалпы түсінік беріп, сонымен қатар, ілімсіздік, діни экстремизмнің бүгінгі бет-бейнесі туралы, өмірімізде белең алып отырған лаңкестік әрекеттер жөнінде айтып өтті. «Жас отау» этномәдени-қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Н.Кернебаева тәрбие, салт-дәстүр, қазіргі таңдағы қыз балалардың киімдері туралы баяндады. Саран мешіті алқасының мүшесі Қ. Есепхан мен кәмелетке толмаған жастармен жұмыс жөніндегі инспекторы Б. Момытов діннің атын жамылып, теріс пиғылды адамдар өз мақсаттарына жету үшін жастарды пайдаланып, іштей іріткі салатындығы жайында баса айтып, жастарды жаман әдеттен аулақ болуға, сақтануға шақырды.
Кездесу барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, соңында Саран қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р. Қаржасбаев пен жастар бастамашылдығы орталығы басшысының міндетін атқарушы Ә. Рахымжановтың лаңкестік әрекеттер, теріс пиғылды адамдардың арбауына түскен адамдар туралы дайындаған «Адасқандар» атты фильм көрсетілді.
Нұрбану Баймухамбетова
(«Саран газеті», 22 қараша 2013 жыл №47)
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы