Қоғам да дін де екеуі бір - бірімен өте тығыз байланыста. Ал соның ішінде Алланың алдындағы шынайы хақ діні болып табылатын «Ислам» дініміздің қоғамға көзқарасы әрі қатынасы жағынан алар орыны ерекше. Діни мәселелер қандай заманда болмасын қоғам үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып келген. Қазіргі кезенде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасайды.
Еліміздің тыныштығы мен ауыз бірлігін көздеп, көптеген жерлерде жиындар өткізіліп отырылады. Бүгінгі жиын Балқаш қаласының №8 орта мектебінде болып өтті. Жиынға Балқаш қалалық мешітінің найб имамы Тусупбеков Асылхан қажы, тарих пәні Смагулов Е.М, психолог Ибраева Сайда Темірханқызы және қаланың №8, №15, №16, №24 мектеп оқушылары қатысты.
Дін - бейбіт өмір сүрудің түп негізі. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітшілік туындайды. Өйткені «Ислам» мағынасы осыған саяды. Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін Аллаға деген сенімсіз, яғни дінсіз табу мүмкін емес. Табылсада пайдасы мен зиянын ажыратуда қателікке бой алдырарымыз анық. Қай кезде де қандай қоғамда да діннің алар рөлі ерекше.
Балқаш қалалық мешітінің найб имамы Тусупбеков Асылхан қажы Дін атын жамылып, еліміздің егемендігіне, конституциялық құрылысына қарсы лаңкестік, экстремистік пиғылдағы түрлі ұйымдардың алдауына түспеуге, теріс пиғылды жат ағымдардан сақтануға шақырып, уағыз-насихат айтты. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алды.
[gallery link="file"]
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы