Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Байсенбаев Хайролла қасиетті жұма күні облыстық жедел жәрдем бөлімінде осы бөлім қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ақпаратық - насихат тобының аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың негізінде өткізілген сұхбат барысында наиб имам Ислам дініндегі адам денсаулығының аманат екендігін, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетудің екі дүниедегі сауабы мен асыл дінімізге қатысты насихаттар жүргізді. Жастарымызды діни көзқараста жолынан жаңылмауға шақырды. Ислам атын жамылған жат ағымдарды ажырата білудің жолдарын түсіндірді. Мекеме қызметкерлерінің көкейкесті сауалдарына жауап берді. Сауапты һәм, жауапты келелі кездесуден соң өкіл имам Өмірзақ қажының тапсырмасы бойынша Саран қалалық мешітіне барып, жұма намазына жиналған жамағатқа «Ислам және жастар» тақырыбында уағыз айтты. Білім алу мен жастардың рухани тәрбиесінің маңыздылығына шариғи тұрғыда бағыт бере отырып, Президент Жолдауындағы «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс» деген сөзін алға тартып жастарды саналы болуға шақырды. Бұдан бұрын да осы мешітте екі рет кездесу өткізген Хайролла имамнан мешіттің жас жамағаттары «Ақида» және «Фикһ» тұрғысындағы сұрақтарына жауап алды.
Мешіт пен мекемеде насихат айтылды
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы