Center Image
IHSAN.KZ
Ең жас имам
Ең жас имам
Ең жас имамАлдыңғы жұмада, Иорданияның астанасында орналасқан әл-Ибрахими мешітінде Анас аш-Шатти имам алғашқы құтбасын оқыды, деп хабарлайды Emirates24/7. Бір қарағанда мұсылманның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде күнде болып жатқан оқиға ғой дерсіз, бірақ аш-Шатти имамның жасы әлі 9 да. Иорданияның мұсылман әкімшілігі оны имам етіп ресми түрде қабылдады-дейді Islamnews. Анас тым жас болса да, бірнеше жылдарын Құранды жаттауға арнаған көрінеді. Иорданияның жергілікті газет беттерінде, Анастың мінберде өзін сенімді ұстап, әр ісін аса жауапкершілікпен орындайтындығы жазылған. Оның алғашқы құтбасы балаларға арналып, ата-анаға деген қарым-қатынас қандай болу керек екендігін түсіндірді. Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz