Center Image
IHSAN.KZ
Халық сүйген Елбасы

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша Қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессия аралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана , біз мәңгілік халық , мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз, деген ғибратымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірнеше сьезі өтті. Діндер арасындағы ымырасыз айырмашылық пен қарама – қарсы көзқарасты өзара келісіммен татуластыру мақсатында Елбасы: «Бір-бірімен діндер емес адамдар мен мемлекеттер жауласады. Әлемнің ұлы ойшылдары дінді адамгершілік формуласы деп атайды»,- деген тілегімен Әлемдік дін көшбасшысын татулыққа шақырған болатын. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда бүкіл әлемге «қазақстандық жол» ретінде әйгілі және танымал этносаралық және конфессия аралық келісім қоғамының меншікті бірегей үлгісі құрылып , Әлемде туындап отырған қақтығыстар тікелей Елбасының араласуымен бейбіт жолмен шешіле бастады. Мемлекеттің ең басты құндылығы адам. Бұл тұрғыда әлемнің көпұлтты кей мемлекеттері ұлтаралық , дінаралық жанжалдарды бастан кешіп жатса , Елбасымыздың елімізді мекен еткен барлық этностардың азаматтық және рухани мәдени тұтастық негінде топтастыруға, Қазақстандық жарасымдылықты, патриотизмді қалыптастыруға негізделген саясат оларды ортақ муддеге ұйыстырып, бұл ұстаным бүкіл әлем мойындайтын үлекен сабаққа айналады. Алла қаласа, 2015 жылы Елордамыз Астана әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезі өтетін болады. Осы бас қосудан кейін әлемдегі ірілі ұсақты қақтығыстар тоқтатылып, Ислам дінінде жала ретінде жазылған «ислам экстремизмі» , «ислам терроризмі» атаулары мүлде жойылатын болады. Елбасының осынау тамаша еңбегін ерекеше бағалаған Катар мемлекетінің әміршісі шейх Хамад бин Халифа әл Сәни: Америкадағы сауда үйін жарған «ислам терроризмі», деген жала жабылғанда үнсіз қалған арабтардың алдына Қазақ елінің басшысы Нұрсултан Назарбаев «Бұл – жала! Мен үзілді – кесілді қарсымын. Әлемдегі соғыстар ешқашан Исламнан бастау алмаған. Бізге Исламды түрлі жаладан қорғайтын кез келді», деп мәлімдегені шын батырлық емес пе. Ел билігін осындай, дана, кемеңгер, тәуелсіздікті баянды етеудің ауқымды, әлемдік тәжірибесін меңгерген Нұрсултан Назарбаевтай басшысы бар қазақ елі, шын бақытты!

[gallery link="file" columns="2"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz