Стив есімді иттің иесі Қарағанды қаласы, Высоковольтный көшесінде орналасқан мешітке он жылдан астам уақыт көршілес тұрады. Таңқаларлық жайт:бірнеше жылдан бері Стив мешіт азаншысымен ілесіп, күніне бес уақыт жамағатты намазға шақыратын көрінеді.
Осы жайтты білген соң, иттің қожайынымен тілдесуді жөн көрдік. Кездесу уақытын ақшам намазына қарай белгіледік. Біздің жолымыз болды. Өйткені Стив бөтен адамдардың көзінше әндетпейді екен. Қожайыны Оксана Сайфуллинаның сөзіне қарағанда, Қазаннан келген туысқандары итті видеокамераға түсірмекші болған, бірақ Стив үйшігіне тығылып, тіпті имам азан шақырғанда да шықпай қойған. Біз сол себепті қулыққа басып, үйге кірген соң, шымылдықтың артына жасырынып, иттің әндете үргенін байқадық. Біз басында мұның бәрі итке ұнамай, сосын барып үретін шығар деп ойлағанбыз. Бірақ имам азанды кешіктірген сәтте, иттің мешіт жаққа қарап ақырын қыңсылай үргенін көрдік,-дейді Оксана.-Бұл нағыз керемет. Біз жуырда тағы бір ит асырап алғанбыз. Стив оны да азан шақыруға мәжбүрлеп жүр. Егер ол тыңдамай жатса, құлағынан тістеп алуға дейін барады.
Стив бәрін дұрыс орындайды, иннтонациясын қадағалап, кідіріс те уақытылы жасап отырады. Мешіт имамы: -жануардың азан шақырып, намаз оқитындығы алғаш болып жатқан жайт емес, - дейді. Бұл шындық. Мен мына иттің менімен бірге дайындалатынын көргенмін, қайткенмен де біз көрші тұрамыз ғой,- дейді имам Берік Жаппар. Менің ойымша, барлық жануарлар қасиетті, сол себепті олар намаз уақытын сезеді.
Кім білген, бәлкім бұл жәй ғана сәйкестік болар, бірақ бір түсінгенім иттер «ұлымайды», керісінше «әндетеді» екен.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі Тотия Енсебаева
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы