Center Image
IHSAN.KZ
Медресе салынуда

 ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Қарағандыға келген іс - сапарында имамдардың алдында сөйлеген сөзінде келтірілген мысалдар медресені салып бітіруімізге түрткі болды. Хазірет Семей өңірінде өкіл имам болып қызмет атқарған кезінде медреседе оқимын деушілерге, діни ілім алуға ниет білдірген жамағатты медресеге жатқызып, арнайы, тегін оқыту тәжірибесін қолданған. Кейін осы тәжірибе өз нәтижесін көрсеткендігін айтты. Сол үрдіс бойынша Теміртау қаласының жанындағы Тегісжол ауылы, «Мұрат ата» мешітінде жамағатты тегін жатқызып оқыту жолға қойылды. Қазір аталған мешітте 15 шәкірт дәріс алуда. Дәл осындай әдісті қала ішінде де іске асыру мақсатында Қарағанды қалалық №1 мешіттің ауласында да екі қабатты ғимараттың құрылысы басталып кетті. Ғимаратты салуға қол ұшын созып отырған «Облыстық құрылысшылар ассоциацисы» 2014 жылдың сәуір айына дейін білім ордасын ҚМДБ-на тапсыруды өздерінің міндетіне алып отыр.

[gallery link="file" columns="2"]

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы Райымбекова Ақерке


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz