Center Image
IHSAN.KZ
Ислам қабылдаған Марина
Ислам қабылдаған Марина

Білімді жастар – еліміздің болашағыАдамзатқа жіберілген соңғы дін - Ислам. Қасиетті Құранда Алла құзырындағы хақ дін ол Ислам деген. Ардақты Пайғамбарымыздың «ғылым дамыған сайын дінде дамиды» - деген асыл сөзі сүйеніш болып, көп ғылым иелері әр саланы зерттеу нәтижесінде Исламды мойындап көкейдегі сұрақтарын Құраннан табу арқылы шарасыз болып, ақырында ақиқатты мойындауға мәжбүр болуда. Әлемге аттары мәшхүр болған Гете, Лев Толстой, Пушкин, Касиус Клей, Армстронг, Кэт Стивенс, Жак-Ив Кусто, Кэйс Мор т.б. тізбектеп айта берсе болады. Алланың ақиқатын таныған Бұқар жырау ауданының тұрғыны 28 сәуір 1979 жылы дүниеге келген, православие дінін ұстанған Аркутинская Марина өз ынта-ниетімен исламды қабылдайтындығын білдіріп, аудан имамы Аманбол қажыға өз өтінішімен хақ дінге деген қызығушылығын жеткізген болатын. Имам жазып берген дұғаларды бір аптада жаттап алып, қазіргі уақытта 5 уақыт намазға дайындығын қамтып, ғұсыл алып келген Марина мешітке орамал тағып келді. Күндердің төресі жұма күні Марина мешітке келіп Кәлима шахада айтып көпшілік алдында, Алла алдында хақ дін исламды мойындап қана қоймай, талаптарды орындауға жан -жақты дайын екенін жеткізді. Бас имам Аманбол қажы діни кітаптар мен қоса жайнамаз, тәшпі, Киелі Құран сыйға тартты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz