Center Image
IHSAN.KZ
Имам 7 бала асырап алды!
Имам 7 бала асырап  алды!

Имам 7 бала асырап  алды!

Ақмола облысы ,Бурабай ауданы, Кенесары ауылының имамы жарты жыл бұрын Ақкөл балалар үйінен 7 бала асырап алып, ауыл тұрғындарын қайырымдылығымен қанағаттандырып, толғандырды. Көп балалы отбасы қазіргі уақытта қалай күнкөріп жатқандығы жайында Мұрат Қалыбаев Bnews.kz тілшісі алған сұхбатында айтып кетті. Әлемді махаббат ұстап тұр Бұндай оқиғалар жиі кездеспейді.Тәжіребиеде екі бала асырап алу өте сирек, көбінесе бір бала асырап алумен шектеледі. Бірақ, бұл оқиғаның орны ерекше.Бірден бір топ баланы бақытты етуге бірнеше белгі себеп болған екен. Барлығы 2007 жылы басталды. Тоғыз жыл перзентті болуды аңсаған ауыл имамы Мұрат Қалыбаевтың шаруашылығында терісінде «Алла» есімі жазылған қозы туған. Жаратушымыздың құдіреті сол кезде сенсациялық жаналық болып шартарапқа жайылған еді. Осы уақиғадан кейін ерлі-зайыптылардың Ибрагим атты ұлдары дүниеге келді. Өткен жылдың көктемінде осы жанұяда маңдайында нақты 7 саны жазылған бұзау туғандығы жайында репортаж бір сағат ішінде әлемге жайылды.Осы уақиғадан кейінерлі-зайыптылырдың арасында жеті бала асырап алу шешімі қабылданды.Имамның айтуынша жеті саны қасиетті сан. «Құранда айтылған жеті қабат аспан,қажылықта қағбаны жеті рет айналу жеті санының маңыздылығын білдіртсе керек»-деп түйіндейді имам. Алдыңғы кездесуге барғанда асырап алған Адель, Темірлан, Төлеген, Болат деген балаларды көрген едік. Кейінгі барғанда тағы үш бала -Николай, Оксана, Нинамен қатарлары толып жеті бала болыпты. Ибрагиммен бірге санағанда сегіз. Алла сұраған дұға-тілектерін қабыл қылды. -Әлбетте, бұл үлкен жауапкершілік екенін білдік – дейді Мұрат аға. - Мен үшін ең қорқыныштысы жетімдер үйіндегі үлкен адамның көз қарасымен ойнап жүрген балаларды көру болды. Менің үш жасар қызым- Нинаның көзқарсынан туыстарым басында сескенетін еді. Қазіргі таңда Аллаға шүкір, қызымыз ақ жарқын, күлуді үйренді.Барлық құжаттар дайын болған күн әлі есімде. Таңертен ауданға бару керек болғандықтан, түнімен көз ілмедім. Басқа күнге қалдырғым келді. Айнып қалғандықтан емес. Адамдардың тағдыры жайында болғандықтан. Мүмкін қолымнан келмесе ше? Олар тағдырдың тауқыметін көрген, қателесіп жүректерін жаралап аламын ба деген ойлар келді. Олар дәл бірінші күні: «Біз 18-ге толғаннан кейін не істейсің?Қайда жібересің?» — деген сұрақтар қойды. Мен таң қалдым: олардың кішкентай нәзік жүректерінде қазірден бастап далада қалып қоямыз ба деген қорқыныш болды. Олар ер жетуге жүрексінді. Өзімді қолға алып, сабырмен түсіндірдім: «Енді біз бір-біріміз үшін алаңдап, уайымдайтын бір отбасы болдық. Енді сендер менің балаларымсыңдар, сендердің балаларың менің немерелерім болады» — дедім. Бір күні түнде біреудің жылаған дауысын естіп, оянып кеттім. Балалар бөлмесіне жеткенше ойым сан-саққа жүгірді: ауырып қалдыма; ата-аналары түсіне кірді ме; балалар үйіне қайтқысы келе ме…..Барсам Болат бас салып жіберместей құшақтап алып: «Түсімде балалар үйіне апарып тастапсыздар, бізді ешкімге бермеші, әке» — деп өксігенін есіткенде жүрегім езілгендей болды. Бұл отбасында тәрбиеқалыптасқан тәртіппен жүреді. Үлкендері кішісіне қамқор болып, үлгі болады. Таңертен ерте тұрып әке-шешелерімен бірге таңғы жаттығуларын жасайды. Міндетті түрде күнде таза ауада кітап оқып, ойнап, серуендеу күн тәртіптерінде бар. Балалардың негізгі мақтанышы – кең дастархан басында отырып, дәстүрлі түрде отбасылық кеңес құру.Әкелерінеөткен аптаның қалай өткені жайында айтып, жаңалықтары мен іс- әрекеттерін айтып,ақылдарын тыңдап, шешімдер қабылдау дағдыға айналған. Бұл отбасында, бренд ретінде дұрыс тамақтануды берік ұстанады. Қалыбаевтар отбасының шарушылығында өз бастарына жетерлік кішігірім ферма, жылы жай мен бау-бақшалары бар. Бірінші жетістігіміз : үш балам- Адель, Болат ,Төлеген оқу жылын төрт пен беске бітірді. Темірлан үздік оқушы атанды. Үш мақтау қағазын алып, сынып жетекшінің бастауымен ғылыми-тәжірибелік жұмыс жазып, тағы бір мақтау қағазын алды. Бізді көріп бала асырауға ниет білдіріп,қызығушылық танытқан кейбір адамдар келіп кеңес сұрайды.Бірақ батылдықтары жетіспей ме,әзірше асырап алған ешкім болмай тұр. Қазіргі уақытта Кенесары ауылында он шақты отбасы бір-екі бала асырап аламыз деп нақты шешім қабылдапты.Әрине,бұндай мәселе жүрекке жылу ұялатпай қоймайды.Кеңес уақытында жетім бала асырап алу қайырымды іс болатын. Қазіргі кезде үкімет осы мәселені жиі қарастырып, қолға алса да, жетім балалардың саны кемімей тұрғаны қынжылтады. Имам Мұрат Қалыбаев 39 жаста болғандығына қарамастан өзінің ауылдастарының алдында беделі биік. Адами тұрғыда еш риясыз(мақтанышсыз) абзалдыққа ұмтылған ардақты азамат өзінің ізгі де салихалы істерін даналықпен, байсалдылықпен жүзеге асыруды мақсат етіп қойғандай. «Қиындықтар еш уақытта бітпейді. Әлемді махаббат ұстап тұр»-деп Мұрат аға сөзін тамамдады.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы Райымбекова Ақерке


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz