Center Image
IHSAN.KZ
Дәстүрлі емес діни ағымдардың ара жігін ажырату

Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын жандар қоғамымызда әлі де көптеп кезігеді. Дәстүрлі дінде заң аясында жүйелілік бар. Дәстүрлі емес діндердің іс-әрекеттерін жүйелі бақылап отыру аса күрделі құбылыс. Соңғы кездері бұрын-соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Бүгін, 28 қараша күні Балқаш қаласының гуманитарлық техникалық колледжінде қаланың барлық колледждерінен 500-ге жуық студенттермен Балқаш қалалық мешіттің бас имамы Аманжолов Марат қажы және, Қарағанды облыстық мешіттің ұстазы, Қарағанды облысы ақпарат-насихат тобының мүшесі Тағаев Нұрбол Сайлауұлы және Балқаш қалалық мешіттің наиб имамы Тусупбеков Асылхан кездесті. Жат ағымдардың құрығына жастар жағы жылдам түсіп жатыр. Олар жастар санасын тек қана уландырып қана қоймай, сонымен бірге, өз қатарларына адамдар жинауда, өздеріне пайда әкелетін істермен де айналасуда жастарды пайдаланады. Колледж студенттеріне  қазіргі қоғамдағы Ислам дініне жат келеңсіз жағдайлардың өзектілігіне орай, елімізде толеранттылық сананы орнықтыру, сондай-ақ елдегі теріс пиғылды діни ағымдардың салдарынан қалыптасқан  діни ахуалды реттеу, ұмытылып бара жатқан ата салт – дәстүрімізді, әдет- ғұрыпымызды қайта жандандыру негізгі мақсаттарының бірі екенін ұғындырып, адасқан теріс ағымдардан сақтануға шақырып, уағыз-насихат айтты. Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық — дәстүрлі діндерінің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық. Біз дін мен дәс­түрді сабақтастыра отырып, оң көзқарас қалыптастыру жұ­мы­сын жандандыруымыз керек деген дін өкілдері студент жастардың қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар берді.

[gallery link="file" columns="2"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz