Қарағанды қалалық №1-мешіті тарапынан қайырымдылық көрсетіліп тұратын мекеменің бірі «Құлыншақ» балалар үйі. Бүгін осы жылылыққа мұқтаж жасөспірімдер үйінде «Ризашылық» күні аталып өтті. Оған №1-мешіттің діни қызметкері Мирас қатысып, қайырымдылық пен ізгілік, мейірімділік пен бауырмалдық турасында насихат айтты. Рухани тәрбиенің адам болмысына азық болатындығын жеткізді. Адам баласының қанша сынақ пен қиындыққа тап болса да, өзінің негізгі құндылығы мен асыл жаратылысына көлеңке түсірмеудің жолын түсіндірді. Әрбір қиындықтың артында бір жақсылық болатындығын жеткізіп, айналаға мейірім көзқарасымен қарауға шақырды. Мешіттің атынан екі кілем тарту етті. Мерекелік шара соңынан арнайы дайындалған дастарханнан дәм татып, жасөспірімдердің жолдары ашық, болашағы жарқын болсын деген ниетпен бата жасалды.
[gallery link="file" columns="2"]Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы