Қасиетті Құран Кәрім – адамның тек руханиятына ғана емес, материялдық өміріне де теңдессіз пайда келтіретін кітап. Оның қатпар-қатпар мәндерінің ашылуына адамның имани тереңдігі, жүрек тазалығы, саналы көзқарас, түйсіне білу қабілеті болуы керек. Осы орайда, Қарағанды гуманитарлық колледжінің студент жастарымен өткен кездесуде №1-мешіттің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы жастарды Отан сүйгіштік пен білімпаздыққа жетелейтін ұғымдар турасында ынталарын арттырып уағыз-насихат жүргізді. Тек қана білім алып қоймай, оны рухани құндылықтармен байланыстырып сабақтастырудың, қоғамға пайдалы азамат болудың маңызын түсіндірді. Толеранттылықтың, төзімділіктің, сыйластықтың қасиеттері мен Құран Кәрімнің осыған байланысты аятарын тәржімалап берді. Кездесу соңынан жастардың жекелеген сұрақтарын жауап берді.
[gallery link="file" columns="2"]Насихат жұмыстары өзектілігін арттырды
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы