Елімізде күнделікті ішіп-жейтін азық-түлікке, киім-кешекке, қарапайым тұрмыстық заттарға, мектепке баратын балаларының керек - жарағына мұқтаждықты сезініп отырған отбасылар аз емес. Мухаррам айында Қарағанды орталық мешіті игілікті қайырымды іске ұйытқы болды. Мешіт ұжымы атынан наиб имам Жақия Мерей мұқтаж екі отбасына барып қайтты. Екі отбасының балаларына киім-кешектермен, тұрмыстық заттармен, мектепке керек жарақтармен қамтамасыз етті. Отбасы мүшелері мешіт ұжымына алғыс-тілектерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
[gallery link="file" columns="2"]Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы Раймбекова Ақерке
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы