Center Image
IHSAN.KZ
Дін мұраты- тыныштық пен татулық
Дін мұраты- тыныштық пен татулық
Дін мұраты- тыныштық пен татулықҚарағанды экономикалық университетінде «Экономика және басқару факультеті» студенттерімен кездесу өтті. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі және экстремизмнің алдын алу» тақырыбында өткен басқосуға №1-мешіттің наиб имамы Ермахан Оралбай қажы қатысып, дәстүрлі дініміздің құндылықтарына кеңінен тоқталып, ел тыныштығы мен дін тұтастығына байланысты насихат айтты. Діни түсінікті дұрыс қалыптастырмаудың соңы «дүдамал» ойларға жетелейтіндігін түсіндірді. Ұлт болып ұйысудың, тұтас болып бауырласудың үлгісін айтқан Оралбай қажы ең қымбат байлығымыз болып саналатын бейбітшілік пен келісім, рухани байлық пен татулықтың маңызын діни тұрғыда атап өтті. Осындай келелі кездесулердің халқымызға беретін пайдасы мол екендігі назарға алынып, №1-мешіттің діни қызметкерлері дін қызметінде белсенділіктерін арттырып келеді.   Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz