Center Image
IHSAN.KZ
Отбасы ғылымхалы ортаға салынды
Алла Тағала әлемдегі барша жан-затты жұп етіп жаратқан. Әрбір тіршілік иесі тек қана өзінің жұбымен жарасым табады. Барша жаратылыс атаулының ішінде ең асылы – адамзат десек, сол адамзат баласы ер жетіп есейгенде жақсы жар тауып, жарасымды жұп құруды көксейді. Отау тігіп, шаңырақ көтеру, үлгілі отбасы болу- әрбір адамның жауапкершілігі зор мақсаты. Қазіргі таңда отбасына қатысты түйткілді мәселелер күнтәртібінен түспеуі тиіс. Себебі жанұя шаттығы мен оны бағалау, бірлігін жарастыру өте маңызды істерден. Көп жағдайда отбасының берекесін арттырып «ыдыс-аяқтың сылдырамауын» қаперге алып отыратын әйел-ана екендігі ақиқат. Осы орайда, №1-мешіт бас имамы Орманбет қажы жастардың басын қосып мешітте кездесу өткізді. Жалпы және жастар бөлімінің аясында өтетін бірқатар шараларды өткізудің жобасын ұсынды. «Ол сенің жарың» атты арнайы дайындалған бейне ролик көрсетіліп, әйел адамның отбасына қатысты ұстанатын қағидалары қамтылды. Ата-анаға құрмет көрсетудің екі дүниедегі сауабы түсіндірілді. Жастарды жағымсыз істерден қайтаруда бір-бірлеріне септігін тигізіп отыруға үндеді. [gallery link="file" columns="2"]

 Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz