Уақыт қашанда адам баласы үшін қымбат ұғым. Өйткені адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Жаратушының адам баласына берген баға жетпес, қайтып оралмас құндылықтарының бірі – уақыт. Президент жолдауында: «Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады » - деді. Қадірлі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбетіне екі нәрсенің қадірін білуге шақырды. Оның бірі – денсаулық, екіншісі – уақыт деген. Қарашаның 20 жұлдызы Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бекболат Зүлжаладдинұлы Ағадыр кентінің мешітіне , ұстаз Джаримбетов Мұхит Абай кентінің мешітіне уағыз - насихатпен ат басын бұрды. «Исламдағы уақыт қадірі» атты тақырыпта жұма уағызын жүргізіп қайтты. Мұсылман жамағат ризашылығын айтып шығарып салды.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы Раймбекова Ақерке
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы