Center Image
IHSAN.KZ
Жат ағымнан сақтан жас ұрпақ!

«Жыржыс қажы» аудандық мешіті және аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен аудандық насихат тобы құрылып нәтижесінде Бұқар жырау ауданы бойынша барлық ауылдарда алыстығына басқа да кедергілеріне қарамастан тіпті шалғай орналасқан ауылдарға да барып мектеп оқушыларымен жергілікті басшылармен кездесулер өткізілді. Кездесудің мақсаты жастарды ағым топтардан арашалау болғандықтан «Жат ағымнан сақтан жас ұрпақ» атты тақырыпта екі тілде уағыздар айтып оқушылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп сондай-ақ мазхабтың маңыздылығы, жихад деген не т.б. маңызды уағыздар айтылды. Аудандық АНТ тобына ішкі саясат бөлімінің басшысы Колоскова Светлана Алексеевна, жастармен жұмыс жасау орталығының директоры Іргебаев Толеген Жанатұлы , аудан бойынша бас имам Мукаев Аманбол қажы Рымкулұлы қатысып 24 мектепте оқушылармен кездесу өтті. Бұл игі шара әліде жалғасын табады деген үміттеміз.

[gallery link="file"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz