Бұқар жырау ауданы бойынша қайта тіркеуден өткен жаңадан салынған 22-ші мешіт бүгінгі таңда елдің рухани ошағына айналды. Алла қаласа алдағы уақытта тағы бір мешіт ашу жоспарлануда.Аудан орталығынан ең алыс орналасқан 170 шақырымды құрайтын Ынтымақ ауылында келешекте қасиеті рухани орын мешіт үйін ұйымдастыруға халықты руханиятқа тәрбиелейтін діни басшы имам сайланды. «13 қараша сәрсенбінің сәтімен тұспа - тұс келген Ашура күні Ақтөбе ауылының әкімі Қазатаев Болатбек Қазатаевич, аппарат басшылары сондай-ақ ауылдың барлық тұрғындарымен аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы кездесуге арнайы барып өздері ортадан сайлаған келешек имамдарына ақ жол тілеп алдағы уақытта Діни басқармаға барып бұйрық алу үшін қажетті құжаттарды жинастыруды тапсырды. Екі сағаттан асқан жиналыста ауыл тұрғындары ауылдың алтын бесігі мешіттің болғанын қалайтын бірлігі күшті елге ақ батасын беріп ынтымаққа ырыс қонсын деп тілек білдірді.
Ынтымаққа ырыс қонады
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы