Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде. Өзіне құлшылық етушілерді қоршаған ортадан оқшаулауға ұмтылған қатаң фанатизмдік сипатқа ие дәстүрлі емес діни ұйымдар өз қатарларында адамдарды күштеп ұстап, зорлық-зомбылық, қаржылық айла-шарғымен айналысуда, сонымен қатар назарларына іліккен жандарды отбасылық байланыстардан үзу үшін белсенді түрде жұмыс жүргізуде. Елімізде тұрақтылыкты, дінаралык татулықты нығайту мақсатында дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану. Бөгде ағымның ықпалына, алдау-арбауына түспеу мақсатында тура жолға бағыттау ісінде көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Осы мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облыс Балқаш қалалық мешітінде ағымдағы жылдың қараша айының 19-ы күні «Балқаш мыс балқыту» зауытында жергілікті әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі емес діни ұйымдардың теріс іс –әрекеттері туралы» жиын болды. Жиынға Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Аманжолов Марат қажы, қала әкімінің кеңесшісі Тусупбеков Елемес, Білім бөлімінің әдіскері Асемханова Гүлнар және Балқаш қаласының Рахымжан Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің технология пәнінің мұғалімі қатысты. Бас имамы Аманжолов Марат қажы теріс пиғылды діни ағымдарға ермеуге азаматтардың теріс діни бағытқа өту процессін тоқтату барысында үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуде қазіргі күрделі ахуалды жұртшылыққа көмек көрсету үшін барлық мешіттерде сабырлылық, рухани азық, күмәнге жауап бөлмелерін ашып, көмектер көрсетуді қолға алғандығын. Осының бәрі - теріс мақсатты діни ағымдар ықпалына еріп, ой-санасы тәуелсіз күйге түсудің салдарынан болып жатқан оқиғалар екенін түсіндіріп, сол себептен, азаматтардың діни сауаты кемел болса ғана оларға лайықты тойтарыс беруге болатынын айтып, уағыз-насихат жүргізді. Ханафи масхабы, ата-аналардың тәрбиесі туралы тағы басқа діни сауалдар туындап, Марат қажы тиісінше жауаптар қайтарды.
[gallery link="file"]Дәстүрлі емес діни ағымдар олармен қалай күресу керек?
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы