Діни экстремизм мен лаңкестіктің артуы дүние жүзін алаңдатып ,XXI ғасырдың қауіпіне айналды. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Экстремизм мен лаңкестікті алдын алу мақсатында елімізде ірі шаралар мен уағыз - насихат жүргізілуде. Қарашаның 20-сы күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бекболат Зүлжаладдинұлы жат ағымдардан сақтандыру, лаңкестікке жол бермеу мақсатында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттеріне уағыз-насихат жүргізіп қайтты. Асыл дініміздің құндылықтары және экстремизм мен лаңкестікке байланысты қойылған жастардың сұрақтарына жауап берді.
Діни экстремизм Исламнан емес!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы