Center Image
IHSAN.KZ
Сауабы мол ауызашар
Сауабы мол ауызашар

Сауабы мол ауызашарҚарашаның 13 жұлдызында, яғни Ашура күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей және «Жас өркен» қыздар ұйымы мұсылман жамағаты үшін сауабы мол ауызашар ұйымдастырды. Ауызашар дастарханына Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысып, жиналған жамағатқа жүрекжарды тілегін айтып Ашура күнімен құттықтады. Бүгінгідей бейбіт заманның қадірін түсініп, Жаратушыға жақсы істермен жақындауға үндеді. Ауызашарға қатысқан мұсылман жамағат Қарағанды облыстық орталық мешітіне алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Ауызашар дастарханына 50-ден астам адам қатысты.

Сауабы мол ауызашар


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz