Қарағанды облысының орталық мешіті, Қарағандық облысының жастар саясаты жөніндегі басқарма және Қарағанды «Болашақ» университетімен біріге отырып 2013 жылдың 13 желтоқсанында «Дін және Дәстүр» тақырыбында жастардың ғылыми-танымдық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Діліміз бен дініміздің бірден - бір жанашыры Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды» - деп ұлттық құндылықтарды айрықша атап өтті.
Қарағанды облысының орталық мешіті аталған конференция аясында облыс көлемінде «Дін және Дәстүр» тақырыбында шығармашылық эссе, танымдық және ғылыми сараптамалық мақала жазуды, ата дәстүрімізді жаңғыртуға ізгі мұрат-мақсат ете отырып, бәйге жариялайды. Мақала, эсселер төмендегі тақырыптарда қарастырылып, жазылу керек: «Мұсылмандық тәрбие: тал бесіктен жер бесікке дейін», «Ислам құндылықтары және салт дәстүрдің имандылық тағылымы», «Діни нанымдар мен салт саналар», «Жастар және мемлекетшілдік сана», «Ислам және отбасы», «Өнерлі өрен және мұсылман өркениеті», «Ислами әдеп», «Жастар және уақыт құндылығы», «Дін және Әйел», «Үміт оты сөнбейді...». «Өз тағдырың өз қолыңда», «Қазіргі қазақ жастарының азаматтық ұстанымы және тарихи тұлғалар», «Қазақтың сан ғасырлық дәстүрі және тарихи сабақтастық».
Бәйгеге қатысуға тілек білдірген үміткерлердің өтініштері мен шығармашылық эссе, мақалаларын үстіміздегі жылдың 1желтоқсанына дейін ұйымдастыру комитетіне жіберілуі керек.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:
Мемлекеттік тілдегімақала негізгі мәтіндік редактор MicrosoftWord 2007 арқылы жол арасы бір интервалмен 3-4 беттің көлемінде басылуы керек. Шрифт: “TimesNewRoman”, 14 кегль. Беттің параметрі: жоғары жағы,төмен жағы – 15 мм, сол жағы – 30мм, оң жағы – 20мм. Мақала басылған нұсқаны көрсетілген E-mail поштағa , яғни meshit_kar@mail.ru жіберілуі тиіс. Бәйге жеңімпаздарына келесі көрсетілген жүлделер тігіледі: Iорынға: IPadmini; II орынға: электронды кітапша; III орынға: фотоаппарат.Мақала жазушысының өтініш беру формасы:
| Тегі, аты-жөні | |
| Мекеме (оқу орынның толық атауы) | |
| Лауазымы (қызметі) | |
| Ғылыми дәрежесі/ ғылыми атағы | |
| Мекен-жайы (үйдің адресі, почта индексімен) | |
| Байланыс телефоны (халықаралық байланыс кодымен) | |
| Электронды пошта (е-mail) | |
| Мақала тақырыбы | |
| Секция атауы |
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы