Мұхаррам айының 10-шы күні, яғни Ашура куні биылғы жылдың қараша айының 13жұлдызына сәйкес келіп тұр. Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұжымы және “Жас өркен” қыздар ұйымы Пришахтинск қаласындағы №4 интернат жетім балалар үйі және «Шапағат» балалар үйіне ашура күнімен құттықтауға және қайырымдылық шарамен ат басын бұрды. Облыстық орталық мешітінің найб имамы Жақия Мерей өкіл имамынын атынан Ашура күнімен құттықтады.Ашура күнінде көптеген жақсы амалдар жасауға себеп болатын хадистерінің бірден бір мысалы: Әбу Ләйіс Самарқанди (р.ғ) иснадымен Абдулла ибн Аббастан (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқанын жеткізді. «Кімде-кім Мұхаррам айының 10-шы күнін, яғни Ашура күнін оразамен өткізсе, он мың періштенің, он мың қажылық пен ғұмраның, он мың шаһидтің сауабын береді және сол күні бір жетім баланың басынан сипаса, сол баланың басында қанша шаштың түгі болса, соншалықты дәрежесін көтереді, ал сол күні ашура күнінің құрметіне ораза ұстаған адамның аузын аштырса, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бүкіл үмметіне ауыз аштырып, тойдырғандай сауап алады делінген. Осы ұстаныммен мешіт ұжымы балаларды арнайы сыйлықтармен, тәтті дәмділермен қуантып қайтты.
[gallery link="file"]Ашура куніндегі қайырымдылық
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы