Center Image
IHSAN.KZ
Ғасыр індеті

Қазіргі таңда нашақорлық ғасыр індетіне айналып отыр. Еліміздегі есірткіге байланысты қылмыстарды сараптасақ, оның саны жылдан жылға артып, әсіресе жастардың арасында белен алып бара жатқанын кімді-де болса толғандырмай қоймайды. Осы індеттің алдын алу барысында қаламызда ірі шаралар жиі өткізілуде. Соның бір парасы 7 қараша күні Қарағанды облысы Н.В.Гоголь атындағы әмбебап кітапханасында ұйымдастырылды. «ҚР нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» төңірегінде «Нашақорлық індеті – отбасы қатері» атты дөңгелек үстел өтті. Келелі жиынға Қарағанды облысы мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы ат басын бұрды. Сонымен қатар басқа дін өкілдері және ІІБ қызметкерлеріде қоғамға өзекті болып отырған нашақорлық індетінің жай-жапсары турасында сөз өрбітті. Нашақорлыққа көбінесе жастар жағы бейім. Осыған орай облысымыздың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы діни тұрғыда ғана емес адами тұрғыда да есірткі нышаны өмірге қаншалықты зиянын тигізетіндігін тілге тиек етті. Есірткінің салдарынан жұқпалы аурулар да кеңінен құлаш сермеп жатады. Осы бір кесапатты кеселдің арқасында әлем бойынша талай жандардың өлімі қыршынынан қиылып жатқаны баршамызға мәлім. Ұлы Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ? «Байлық па әлде атақ па?»,- деп. Сонда Сократ байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ », деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек. Ал, денсаулық кепілі – салауаттылық. Қорыта айтқанда, есірткінің салдары сауықпайтын зардаптарға әкеліп соғатын індеттердің бірі.

[gallery link="file"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz