Center Image
IHSAN.KZ
Өкіл имам өнегелі істі өрістетуде

Діни басқарма діни істерді өркениетті жолмен жүргізуді басты нысана етіп келеді. Бұл ретте әсіресе діни сауаттылықты жетілдіріп, оқу-ағарту істерін күнделікті дамытып отыруға айрықша басымдық берілді. Дін тек адамдардың жан дүниесінің рухани азығы ғана емес, ол сол адамның жан-жақты даму мен кемелденіп жетілуінің негізі. Осы негізде өкіл имам Өмірзақ қажы Қарағанды қалалық мешіттеріндегі діни қызметкерлерінің басын қосып семинар сабақтарын бастады. Сабақ екі апталық жоспармен №1-қалалық мешітінде өткізіледі. Бүгінгі таңда өзекті болып тұрған ақида дәрістерін кеңінен жүргізуге облыстық мешіттің ұстазы Тағаев Нұрбол бекітілді. Ақида терминдері түсініктемені қажет ететіндей күрделілігі себепті бұл сабақтарды терең, өз мағынасында түсіну үшін осындай дәрістерді дер уақытында қолға алған өкіл имам алғашқы дәрісті өзі ашып берді. Сонымен қатар, имамдардың алдында тұрған үлкен міндеттерге тоқталып, білім алудың және сауаттылықпен, байсалдылықпен дінге қызмет етуге үндеді. Айта кету керек, бұдан алдын «ақида сабақтары» өңірге қарасты бірқатар аудан орталықтарында ауыл имамдарын қатыстырып өткізілген болатын. Енді міне, ағарту саласы бойынша ағымдағы сабақ өз жалғасын тапты.

[gallery link="file"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz