Бүгінгі жаһандану ғасырында ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайтын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастар мәселесін әрдайым назарда ұстап, олардың толыққанды діни білім алуына, толғандырған сұрақтарына имамдардан жауап алуына мүмкіндіктер жасап, тиісінше қолдау білдіріп келеді. Расында да, бүгінгі алмағайып заманда адам тәрбиесінің нашарлауы, рухани құндылықтардың әлсіреуі, қоғамда жаман әрекет пен жат қылықтардың көрініс табуы, т.б. осы секілді келеңсіз жайттар жас ұрпақтың бүгінгі рухани және мәдени келбетін қалыптастыруға теріс әсер етіп жатыр. Иә, адамзаттың материалдық жағдайды көбірек күйттеп, қоғамда моралдық құндылықтардың төмендеп кеткені қазіргі уақытта ғаламдық дағдарыс, әлемдік жағдай. Десек те ізгілікке құштар бүгінгі жастар адамгершілікке жол сілтейтін және олардың жоғалған ішкі жан сұлуы мен әдемі әдептерін қайта қалыптастыратын бағыт-бағдарды қажетсінуде. Діни басқарма мен мешіт имамдары осы бағытта жүйелі жұмыс жасап, ізгі іс-шараларды жүзеге асыруда. Балқаш орталық мешіті де осынау игі істерге үлес қосып, жастарды отансүйгіштікке, олардың діни білім алуына жағдай жасап келеді. Мешіт жанынан ашылған діни сауат ашу курсы осы бағытта қызмет етуде. Ағымдағы жылдың 11.11.13ж. Ақшам намазы мен Құптан намазының арасында Балқаш орталық мешітінің жамағаттары және мешіт имамдарына «Адасқандар» -деген 40 минуттық фильм көрсетілді. Осы фильмді көрген жамағаттар көп әсер алып, осындай уағыздар көп болса деген ұсыныстарын айтып , ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта ст.Балқаш және Қоңырат, Саяқ мешіттерінде жамағаттарға көрсетілу жалғасын табады деп көзделуде. Алла тағала баршамыздың иманымызды кәміл, дұғамызды қабыл еткей!
[gallery link="file" columns="2"]Адасқан топтардан сақтану
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы