ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының басшылығымен өңірімізде атқарылып жатқан серпінді істер бір-бірімен сабақтасып жалғасып келеді. Соның бір айғағы №1-мешіттің тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар. Жуырда Октябрь аудандық мәдениет үйінде жастармен кездесу өтті. Оған №1-мешіттің бас имамы Орманбет қажы қатысты. Дінімізді бүгінгі заман тұрғысында зерделеп, жастарға тәлім берді. Жат ағымдардың ықпалынан сақтану мен салауатты өмірге саналы көзқараспен қарауға шақырды. Сонымен қатар, №1-мешіттің жамағаттарымен сұхбат өткізді. Сұхбат барысында ашура күнінің қарсаңында ортақ мәселелерге мән беріп, имамдар мен жамағаттар арасындағы байланысты күшейтуге мән берілді. Ел тыныштығы мен дін тұрақтылығын баянды ету тұрғысында насихат айтқан бас имам, осындай киелі ұғымды ортақ ұстаным етуге үндеп жамағаттарға дәм берді. Ынтымақ пен бірлікті арттыратын сұхбаттар мүмкіндігінше жиі өткізіліп тұрады.
[gallery link="file" columns="5"]Мәні зор іс-шаралар атқарылды
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы