Center Image
IHSAN.KZ
Ислам экстремизмге қарсы!

2 қараша күні Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмуд қажы Нұрұлы облыстық Балалар емханасында арнайы шақыру бойынша барып мекеменің қызметкерлерімен кездесті. Басқосуға 50-ге жуық мекеме қызметкерлері қатысып, терроризм және экстремизм төңірегінде әңгіме өрбітті. Шараның мақсаты-ұлтымыздың келешегі, мемлекетіміздің тірегі, жарқын болашағымыздың ертеңі болған жастарды экстремизмге итермелеп, терроризмге апаратын іс-әрекеттер мен көзқарастардың қалыптасуына жол бермеу және алдын алу. Сондай-ақ, ислам дінінің экстремизмге және терроризмге үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығын, әрі түбегейлі оған қарсы екендігін жеткізу.

[gallery link="file" columns="2"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz