Қарашаның алғашқы күні орталық мешіттің наиб имамы Жақия Мерей Теміртау қаласының орталық мешітінде жұма намазын өткізіп қайтты. Алдымен көпшілікті келе жатқан Мұхаррам айымен құттықтап, мұсылмандар үшін берекелі ай болуын тілеген Мерей Қанатұлы жамағатты жарты сағат уағызына ұйытты. Уағыз барысында қасиетті айларға арнайы тоқталып, оның ішінде Мұхаррам айының ерекшеліктері, қадір-қасиеті жайында кеңінен тарқатып, толық мағлұмат берді. Артынан жұма намазын өткізіп, құран оқыған Мерейге риза болған жамағат: «мерейің үстем болсын»-деп алғыстарын жаудырып, ақ батасын беріп жатты.
[gallery link="file" columns="4"] Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі.Қасиетті күнде қасиетті айдың қасиетін айтты!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы