Қазан айының 31 жұлдызында орталық мешіттің наиб имамы Қосмағамбетов Бекболат Зулжалладинұлы Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің студенттерімен кездесіп қайтты. Теріс ағымдардың ағынына қарсы тұра алмай, сектаның сүрлеуіне қанша қаракөздеріміздің түсіп кеткенін алға тартқан мешіт қызметкері, жастарды хақ жолдан жаңылмауға, лаңкестікпен күресуге шақырды. Еліміздің тыныштығының бұзылмауын тілеп, жастарға ақ пен қараны, оң-терісті ажыратып берген қонаққа, ұстаздар мен студенттер ризашылығын білдіріп, аталмыш оқу ордасының ректоры Е. Аймағамбетовтың арнайы алғыс хаты тапсырылды.
[gallery link="file" columns="2"]Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы