Center Image
IHSAN.KZ
Шәкірттері бар мешіт – берекелі мешіт
Шәкірттері бар мешіт – берекелі мешіт

Шәкірттері бар мешіт – берекелі мешіт«Балқаш теміржолшылары» мешітінде оқып шығып жатқан шәкірттер саны кобеюде. Бір шәкіртіміз Абдукаримов Ануар 2011ж «Нұр Астана» медресесіне жіберілді. Биыл Алла жазса тәмәмдап шығады. Тағы бес шәкіртіміз 2012 ж Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресесіне жіберілді. Дәріс беретін осы мешіттің бас имамы Медет қажы Құралұлы. Қазіргі уақытта оқып жатқан шәкірттер саны 15-ке жетті. Оның ішінде сырттан келіп оқып жатқандары да бар. Шәкірттердің алды араб тілі граматикасын оқуда, ал арты «мұғәлім сәни» және намаз сабақтарын үйренуде. 15 пара жаттаған шәкіртіміз Харки Исмағил жақында Алматыда өткен Құран жарысына 5 парадан қатысты. Орын алмаса да облысымыздың атынан қатысқаны біз үшін үлкен жеңіс. Күнделікті жүргізіліп жүрген дәрісті көрген, теріс ағымдағы бауырларда өзгеріп, білімге деген ықлас ниеттері оянып, дәріске қатысуға өтініш білдіріп жатыр.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz