Center Image
IHSAN.KZ
Нұрқазғандағы кездесу

Қазан айының 28 жұлдызында Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Амантай Естай Астана қаласы дін істері агенттігінің өкілдерімен бірге «Нұрқазған» кенбайыту фабрикасында болып,ондағы жұмыскерлермен кездесті. Іс сапардың негізгі мақсаты қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселеге айналған түрлі жат ағымдарға байланысты діни сауаттылықты қүшейту мақсатында халықпен сұхбаттасып,олардың ойымен ашық бөлісу және дәстүрлі дінімізбен жат ағымдардың арасын ажыратып беру болды.Кездесу барысында Астанадан келген қонақ Юля ханым республикамыздағы діни бірлестіктер туралы ақпарат бере отырып,олардың елімізде әр қайсысының қанша пайыз құрайтындығы жайлы мағлұмат берді.Екінші кезекте сөз алған қалалық мешіттің бас имамы Амантай Естай ағымдармен дәстүрлі дініміздің ара жігін ажыратып берді.

[gallery link="file" columns="2"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz