Ел келешегінің негізі болып есептелетін жас буындармен тағылымды кездесулер саны күн санап артып келеді. Жастардың жат ағымдарға бой алдырмай, жақсылыққа жақын болуы үшін олармен сұхбаттар өткізудің тәрбиелік мәні өте зор. Осы орайда №1-мешіттің наиб имамы Хайрулла Жақияұлы №16 және №37-мектептерде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Сұхбат барысында Отансүйгіштік, салауаттылық, білімнің артықшылықтары мен дәстүрлі Исламның қайнар көзі болып есептелетін имани насихаттар айтылды. Жаратылысымызға жат қылықтардың (суицид, нашақорлық, ұрлық, зорлық-зомбылық т.б) екі дүниедегі зардаптары турасында кеңінен әңгімеледі. Оқушылар да өз кезегінде қоғамдағы діни көзқарасқа қатысты сұрақтарына нақтылы жауап алды. Жоспар бойынша жүйелі атқарылып келе жатқан осындай ағартушылық мақсаттағы кездесулер келер күндерде де жалғасын табады.
Дінді біліммен тану – уақыт талабы
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы