Center Image
IHSAN.KZ
Уағыз-насихат тобының сапары сәтті аяқталды

Қазан айының 24 жұлдызында уағыз-насихат тобы ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлының бастауымен Қарқаралыға аттанды. Бейсенбаев пен Қуанышбаев келеді дегенді естіген аудан халқы бейсенбінің қуанышты күнін асыға күткен еді. Киелі өңірге табан тіреген қонақтар алдымен аудан орталығындағы Құнанбай қажы салдырған мешітке тоқтап, 162 жыл бұрын бой көтерген Алла үйінің тарихымен танысып, жиналған жамағатты исламның қайнарларымен сусындатты. Артынша ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен, Қарағайлыдағы №17 лицейдің оқушыларымен кездесу де ойдағыдай өз мәресіне жетті. Жұма күні Теміртауды бетке алған қонақтарды қала әкімі қарсы алып, кенді шаһардың ажарын кіргізіп тұрған Назарбаев мұражайын аралатты. Ғалымдардың уағызын тыңдауға еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін жиналған екен. Әдеттегідей сауалдар жолданып, тұщымды жауаптар да көпшіліктің көңіліне жол тауып жатты. Ризашылығын білдірген қала жұртышылығы ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырып меймандарды шығарып салды. Осы күні аталған топ жұма намазына қатысып, Арман Қуанышбаев облыстық орталық мешітке жиналған жамағатқа уағыз айтты. Иеменнің түлегі Жаратушы Иемен байланысты дұрыстау керектігіне тоқталып, жамағат арасындағы талас тудырып жүрген мәселелердің ақ-қарасын айырып, аражігін ажыратып беруге тырысты. Жұма намазынан соң қала, аудан, ауыл имамдарымен кездесу өтті. Дінге қызмет етіп жүрген жандарды елді бірлікке,тұтастыққа, ымырашылдыққа бастап, осы жолда аянбай еңбек етуге шақырды. Ақшам намазынан кейін әдеттегідей уағыз айтылып, қонақтар жамағатпен қоштасты. Өкіл имам Өмірзақ Қазкенұлы меймандарға алғысын білдіріп, ақ жол тіледі.

[gallery link="file" columns="4"] Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz