Бас имам Орманбет қажы Болатұлы мешіт тарапынан халық арасындағы діни рәсімдерге (дұға бағыштау, бейіт басына бару т.б) қатынасып жүретін ақсақалдардың басын қосып жиын өткізді. «Ел – ағасыз болмайды, тон- жағасыз болмайды» деген нақылды алға тартқан бас имам мешіттің қосалқы іс-шараларына атсалысып жүрген ақсақалдармен қазіргі діни ахуал барысын кеңінен талқылады. Жақында ғана өңірімізде болып қайтқан Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің алға қойған мақсаттарының бірі- халықпен көркем қатынаста болу, сабырсыздық танытпау, әрбір істі байыппен атқару секілді талаптарын алға тартты. Халық арасында уағызды бір бағытта айтып, ортақ мақсатта іс атқарылуы үшін уағыз дайындалып берді. Күрделі діни мәселе көтерілген ортада тұщымды жауапты мешіттің діни қызметкерлерінен жауап алуға бағыттап отыру міндеттелді. Ақсақалдар да өз ойларын ортаға салып, атқарылған іс-шаралар жайында есеп беріп әр айдың соңында бас қосып отыруға келісім жасалды. Бұл қариялардың бір ерекшелігі мешіттің наиб имамдарынан тұрақты дәріс алып, алдыңғы легі Құран Кәрімді түпнұсқасында қатесіз оқып және бірқатар сүрелерді жатқа біледі.
Қариялармен кеңес өткізілді
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы