Қазаның 22 күні белгілі исламтанушы, ғалым Арман Қуанышбаев пен Астана қаласындағы С.Ғылмани мешітінің бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесуін бастап кетті. Алдымен «Болашақ» университетіне арнайы ат басын бұрған уағыз-насихат тобының мүшелері «Болашақтан» болашаққа қанат қағатын қажырлы да қайратты жастарға дәріс оқыды. Жанына серік қылған жат ағымды,
Көріп жүрміз шайпау қыз, шатақ ұлды. Желіккен кей желөкпе сектаға еріп, Өзінің ата-анасын қапа қылды. Іске алғысыз қылады қаршадай боп, Адасқан деп Абай менен Шәкәрімді. Бүлікке емес бірлікке шақырыңдар Шығармай ел ішінде шатағыңды Пайғамбар хадисіне амал қылып, Сүйіңдер туып-өскен Отаныңды. Деп уағызын аяқтап екі қонақ, Соңынан қолын жайып бата қылды.
Бір сағат бойы тапжылмай отырған студенттер: уағызды ұйып тыңдағандарын, жан-дүниелерінің рухани байып қалғанын айтып жатты. Осы күні ақша намазынан кейін аталған топ орталық мешітте уағыз-насихатын жалғастырып елді бірлікке, ынтымаққа шақырды. Жиналған жамағат көкейде жүрген сұрақтарын жаудырып, сауалдарына салмақты жауап тауып тарқасты. Уағыз-насихат тобының орталық мешіттегі әр ақшам намазынан кейінгі уағызы, ЖОО студенттерімен, телеарналармен кездесуі бір апта бойы жалғасады.
[gallery link="file"] Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы