Center Image
IHSAN.KZ
Тәуліктегі төрт кездесу

Қазан айының 21 жұлдызында орталық мешіттің наиб имамы Құрманов Серік діни сауаттандыру мақсатында қаламыздағы кедендік бақылау, төтенше жағдайлар,  салық департаменттерінің, «ELTO» - электро-техникалық жабдықтар зауытының қызметкерлерімен кездесіп дәріс оқып қайтты. Кездесу барысында еліміздің бірлігі, ынтымағы жайлы сөз өрбіткен мешіт қызметкері халқымыздың тұтастығын бұзатын, қанша қандастарымызды торына тоғытып жатқан арамза, арандатушы топтарға тосқауыл қою қажеттігін, іргеміздің сөгілуін тілеп жүрген іріткі салушы ағымдардан іргені аулақ салу керктігін айрықша атап өтті.

[gallery link="file" columns="2"] Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz