ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасын қолға алып, оны жүзеге асыру мақсатында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі, Қарағанды облыстық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның бастамасымен ауыл ,аудандарға облыс аумағында кесте бойынша ақпарат насихат тобы құрылып шалғай орналасқан ауылдарда кездесулер ұйымдастырылып, жұма намазы өтеліп жұма уағызы да бекітілген бір тақырыпта жүйелі жүзеге асырылып , асыл дініміз жан-жақты уағыздалуда. Соның нәтижесінде Құрбан айттың соңғы күнімен тұспа - тұс келген қасиетті жұма күні 18.10.2013 ж, Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылындағы «Балқантау» мешіті жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткіздім.Бұл күн елімізде Рухани бірлік күні болғандықтанда кестедегі көрсетілген тақырыпта «Рухани келісім, фитна ауыр күнә» атты тақырыпта уағыз айтып жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, намаз соңында ауыл ақсақалының батасын алып сауапты да, жауапты істі ойдағыдай атқарып қайттық.
Бұқар жырау ауданы Жыржыс қажы мешітінің бас имамы Мукаев Аманбол
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы