Зекет қорының ауқымды іс-шаралары қанатын кеңге жайып, Қарағанды өңіріне қарасты көптеген елді мекендерде насихатталуда. Оған жетекшілік етіп жүрген Бабағалиев Базарбай қор жұмыстарын белсенді түрде атқарып отыр. Құрбан айт күндерінде бірнеше отбасына барып, құрбан еттерін үлестірді. Олардың отбасында болып ұлық мерекемен құттықтап, сабырлық пен төзімділікке шақырып бата жасады. Зекеттің мән-мағынасы мен қордың түпкі мақсаты түсіндірілді. Зекет қоры құрылғаннан бастап жүйелі түрде осындай қайырымды істерді өз деңгейінде атқарып келеді. Жылдың қандай мезгілі болсын уақыт талғамайтын, қайырымдылықты қанат қылған аталмыш қордың алда талай асулары тұр. Ендеше, еліміздің рухани дамуы мен материялдық қажеттілігіне қауқар беріп отыратын зекет қорына әрдайым сәттілік болсын.
[gallery link="file" columns="5"] Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметіЗекет қорының игі істері жалғасуда
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы