Рухани келісім күніне орай 18.10.2013ж Балқаш қаласында 4 бірдей кездесу болды , яғни, Қазақмыс корпорациясының «Политехникалық» колледжінде, Болашақ» колледжінде, Балқаш гуманитарлы техникалық колледжінде және АК 159/21 түзеу мекемесінде бас бостандығынан айырылған ұш жүзден астам азаматтармен жиын болып өтті. Кездесуге Балқаш қалалық мешіттің бас имамы Марат қажы Құрбанбекұлы және найб имамдар мен ұстаздар қатысты. Мешіт өкілідері жиын барысында дүние жүзін жаулай бастаған әр түрлі діни секталар адам санасын улап, әсіресе, соңғы жылдары колледж студенттерінде шырмауына түсіріп, отбасының бұзылуына әкеп соқтыруы өзекті мәселе, онымен күресу әрқайсымыздың парызымыз екенін тілге тиек етті. Бүгінгі жаһандану дәуірінде бейбітшілікпен ынтымақ күшейіп, дамуы үшін ұлтаралық келісім дінаралық төзімділіктің мән маңызы жоғары Балқаш қаласында Құрбан айт мерекесі және рухани келісім күніне орай 18 қазан күні қалалық мешіттің бас имамы Марат қажы Құрбанбекұлы қаламыздағы «Қазақмыс корпорациясының «Политехникалық» колледжінің студенттерімен кездесті. Әңгіме барысында Қасиетті Құрбан айт, рухани келісім күнімен құттықтап, еліміздің бірлігін, ынтымағын қадірлей білу қаншалықты маңызды екені сөз етілді. Жастармен тығыз байланыста болған бас имамға колледж студенттері өз ойларын жеткізіп, сұрақтарына жауаптар алды.
[gallery link="none" columns="6" ids="2522,2523,2524,2525,2520,2521"]Рухани келісім күнінде төрт бірдей кездесу
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы