Center Image
IHSAN.KZ
Қарттарым - асыл қазынам
Қарттарым - асыл қазынам

Қарттарым - асыл қазынамҮлкендерге құрмет көрсетуде сөзімен де, ісімен де өзгеге өнеге қалдырған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», - деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарға сусын не тамақ таратқанда алдымен үлкендерден бастауды бұйыратын. Қазақ халқы да үлкендерді құрметтеп, қарттарын сыйлауды ешқашан ұмыт қалдырған емеспіз. «Кішіге іззет, үлкенге құрмет көрсетіп, олардың алғысын алу әрбір адамның мұсылмандық борышы. Сондай жақсы ниетпен «Бала қажы» мешіті Пришахтинск елді мекенінде қарттар үйінде қайырымдылық көмек көрсетті. Игілікті іс-шараға бас имам Махұмұд қажы Нұрұлы қатысып, ата-апаларымызбен жүздесіп, Құрбан айт мейрамымен құттықтап қайтты. Сондай-ақ «Бала қажы» мешітінің шәкірт апалары да өз үлестерін қосты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz