Center Image
IHSAN.KZ
Айт күніндегі айтулы шаралар

Адамзат баласын бауырмалдық пен жомарттыққа жетелейтін, өзара ауызбірлік пен Аллаға деген адалдық пейілін танытатын ұлық мереке құрбан айтын №1-мешіт ұжымы биыл жылдағыдан ерекше атап өтті. Аллаға мадақ айтумен басталған айт күнінің таң намазынан бастап жамағат мешітке лық толды. Бас имам Орманбет қажы мұсылман жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтап айт күнінің әдептері, құрбан шалуд

ың сауабы, садақа мен сыйлықтың мәні мен уақытты пайдалы іспен өткізу турасында мағыналы уағыз айтты.

[gallery link="file" columns="4"]

Екі ракаат айт намазы өтеліп болған соң елге береке, жерімізге тыныштық тілеп бата жасалды. Бас мүфтидің айт күндерін мерекелік нақышпен өткізуге ерекше мән беруге шақырған үндеуін іске асырып, намаздан шыққан жұртшылыққа дәлізде дайындалған дәм ұсынылды. Ақ ниетпен жайылған дастарханға ауыз ашамын деушілерге арналып құрма жемісі мен

ұлттық тағамдар да қойылды. Жолымыз бен пейіліміз ақ болсын деген ниетпен «сүттей» ұйып отырған жамағатқа жылы сүт берілді. Жамағат та бір-біріне ыстық ықылас білдіріп бауырмалдық үлгісін арттырды. Насихатты арттыру мақсатында төл басылым «Ислам және Өркениет» газеті мен «Құрбан айт құтты мереке» кітапшасы сыйлық ретінде тегін таратылды. Игі істің артынша «Құрбан айтқа- Құран» акциясы өткізіліп, дінге ден қойып жүрген, Құранды үйренуге талап қылып жүрген жастармен жүздесу өтті. Бас имам жастарды жігерлендіретін насихат айтып, өз орталарында құрбыларын дұрыс түсінікке бағыттау істеріне септігін тигізуге шақырды. Жас талапкерлерге Құран кітабы мен тәжуид кітаптары тарту етілді. Айта кету керек, мешіт жанындағы сауат ашу курсында тәлім алып жүрген қыз балалар қайырымдылық шаралар мен ағарту істерін дамыту барысында мешіттің іс-шараларына атсалысып жүзеге асырып жүр. Айттың екінші күні қайырымдылық

іс-шараларын ретімен атқарып, өз аяғымен жүре алмайтын кісілерге мешіттен діни қызметкерлер арнайы барып құрбан еттерін үлестірді. Шаңырақтарында болып дұға бағыштап, бата жасады. Мұқтаж кісілерді мешітке шақырып, оларға да құрбан еттері мен тағамдар ұсынылды. Осындай ізгі істерді сабақтастырып атқаруды ұтымды ұйымдастырып жүрген бас имам Орманбет қажы Болатұлына жалпы жамағаттар ризашылықтарын білдіріп, ынтымақтаса жүріп сауапты істерді жалғастыруға ниеттерін жеткізді. Осы орайда айта кететін бір жайт, құрбан айттың қарсаңында қалалық мешіттердің арасында өткен футбол жарысында №1-мешіт жамағаттары бас жүлдені иемденіп, кубокты қанжығасына байлаған болатын. Осы істердің барлығы игі мақсатта мұсылман қауымының өзара ынтымақ бірлігін арттыра түсетіндігіне сенім мол.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz