Қазан айының 17 күні, сағат 13-00де, Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында „Экстремизмнің алдын алу„ тақырыбында оқушылармен кездесу өтті. Алдымен мектеп директоры сөз сөйлеп, құрбан айт мерекесімен құттықтады. Кездесуге арнайы келген Дін істері агенттігінің өкілі: қазіргі уақытта елімізде 3088 теріс ағымдағы ұйым бар екенін айтып, жастарды „сектаның сергелдеңіне„ ұшыраудан сақтандырды. Артынша сөз алған орталық мешіттің ұстазы Жәрімбетов Мұхит: дінге бет бұрған жастар тек қана сенімді жерден білім алу керектігін түсіндіріп, ғаламтордағы жат ағымдардың торына түсіп қалмауды қатаң ескертті. Оқушылар мен ұстаздар қонақтарға әр түрлі сауалдар қойып, алған жауаптарына риза болып тарқасты.
[gallery link="file" columns="4"]Экстремизмнің алдын алу
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы