Бүгінде дінаралық диалог, өзара рухани келісім мен түсіністік, сыйластық, татулық мәселелері әлемдегі барлық елдер үшін өзекті праблемаға айналып отыр.Әсіресе еліміз Қазақстанның көпұлттық және әртүрлі –конфессияаралық, келісімді сақтау тәжірибесін әлем елдері мойындап өздеріне үлгі алуда. Елбасымыз өз сөзінде, мемлекет саясаты дінді қолдауға бұрылды, ендігі мақсат иманды ибалы ұрпақ тәрбиелеу.
Діни-рухани келісімнің дамуына қоғамда, мемлекетте мүдделі. Діннен, рухани сенімнен айырылған қоғам құлдырауға жақын тұратындығын тарихтың, уақыттың өзі дәлелдеуде. Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің ашылуында сөйлеген сөзінде, Елбасымыз Н Назарбаев «Халықтардың діндердің, әр түрлі ұлт өкілдерінің, мемлекеттер мен үкіметтердің бейбіт қатар өмір сүруі мен сындарлы өзара іс қимылы туралы мәселе қазіргі кезде ерекше өзекті маңызға ие. Бүгінгі жаһандану дәуірінде бейбітшілікпен ынтымақ күшейіп, дамуы үшін ұлтаралық келісім дінаралық төзімділіктің мән маңызы жоғарыБалқаш қаласында Құрбан айт мерекесі және рухани келісім күніне орай 16 қазан күні қаламыздың №4 лицей оқушыларына «Рухани келісім – жаңару негізі» атты тақырыпта қалалық мешіттің найб имамы Тусупбеков Асылхан қажы уағыз-насихат айтты. Әңгіме барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Қасиетті Құрбан айт, рухани келісім күнімен құттықтап, еліміздің бірлігін, ынтымағын қадірлей білу қаншалықты маңызды екені сөз етілді. Әлемде болып жатқан тынышсыздық пен берекетсіздіктің соңы жақсылыққа апармайтындығы баян етілді. Кездесуге жергілікті ақпарат құралдары мен 40-тан астам оқушылар қатысты. Лицей мұғалімі Нұғманова Н.Т «Толеранттылыққа тәрбиелеу –қазіргі кездегі өзекті мәселе» және лицей психологы Исабекова К.А жастардың дін саласында да дұрыс бағыт-бағдар алуын қадағалау жайындағы мәселелерді қозғап, оқушылармен талқылады.
Рухани келісім жаңару негізі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы