Center Image
IHSAN.KZ
Студенттермен кездесті

Қазан айының 15 жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстаздары Тағаев Нұрбол, Жәрімбетов Мұхит, «Жалпы және жастар ұйымының» жетекшісі Сандыбаев Олжас ҚарМТУ-дың студенттерімен кездесті. Келген жүзге тарта студенттің арасында әр түрлі ұлт өкілдері, ата-анасы жоқ балалар да бой көрсетті. Құран оқылғаннан кейін құрбан айт мейрамымен құттықтаған мешіт ұстаздары қазіргі жастар мәселесі жөнінде дәріс оқыды. Білімді кез келген жерден алмау керектігін, теріс пиғылдағы «сайқал» сайттардан аулақ болуды қатаң ескертті. Кездесу соңында оқу ордасының кітапханасына дінбасы Ержан қажы Малғажыұлының жаңа кітабы, басқа да діни кітаптар мен бейнетаспалар тарту етілді.

[gallery link="file" columns="4"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz