Center Image
IHSAN.KZ
Жастарды теріс ағымдардан «теріс айналуға» шақырды

Қазан айының 9-10 күндері облыстық орталық мешіттің наиб имамы Құрманов Серік «Іріткі салушы діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының» басшысы, Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігінің сарапшысы Денисенко Юлиямен бірге қаламыздағы 8 колледжді аралап, студенттермен кездесіп, қазақ-орыс тілінде уағыз айтты. Кездесу барысында наиб имам елде орын алған лаңкестік әрекетерге тоқталып, осындай теріс іс-әрекеттерді болдырмау жолдарын талқыға салды. Дүниеде діни экстремизм мен терроризм туралы мәселе күйіп тұрған уақытта еліктеуге құмар жастардың ақ пен қараны анық ажырата алатын сауатты да сақ болу керектігін алға тартты. Жастар мен балалардың санасын ғаламтордағы қитұрқы ақпараттардың улайтынын алға тарта отырып, бұған ата-аналар мен ұстаздардың ерекше көңіл бөлу керектігін ұсынды. «Қоғамның белсенді тобы жастар болғандықтан теріс пиғылды идеологияға қарсы тұру және достық пен татулықты қолдау жауапкершілігін жастар сезінуге тиіс»,– деді сөз соңында

[gallery link="file" columns="4"] Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz